Естеріңізде болса, биылғы мамыр айында ғаламторда үйіне кіріп келе жатқан 10 жасар қызды ер адамның жыныстық қатынасқа итермелеп жатқанын көрсететін видео тарап кеткен болатын. Артынша, бұл істі құқық қорғау органдары қолға алып, тергеу жүргізілді. Ерсі қылық танытқан азамат өз ісін мойындамай, аздап басы істемей қалатынын айтқанымен, медициналық сараптама қорытындысы оның бұл сөзін растаған жоқ. Сөйтіп, Алматы қаласының ауданаралық соты оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Осинский жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс.