Алматыда дəмхана өртенді: 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дəмхана өртенді: 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Алматыда дəмхана өртенді: 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Алматыда Жетісу ауданындағы Первомайск көшесінің бойында орналасқан «Домалақ ана» дəмханасы өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 693
Фото - Caravan.kz

Өрт туралы шұғыл хабар түнгі 03:12-де жеткен.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, дəмхананың жазғы алаңының 60 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Өрт жарты сағатта толығымен сөндірілді. Оған жеке құрамның 21 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

6 адам қауіпсіз жерге көшірілді.


Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар