Алматыда екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша тергеу амалдары жалғасуда
![]() |
Алматы полициясы екі адамның өмірін қиған жол апаты бойынша тергеу амалдарын жалғастыруда. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. |
Қайғылы оқиға 23 қыркүйекте Абай даңғылы мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында орын алған.
«Мазда-3» мен «Тойота Камри» көліктерінің соқтығысуынан көліктердің бірі аялдама кешенін жайпап кеткен. Салдарынан автобус тосып тұрған 4 адам жапа шеккен.
Екі адам сол жерде қаза болса, жүргізуші мен екі бойжеткен түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары барысында қай көліктің жол апатына себепкер болғаны анықталады», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Рустам Әбдірахманов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін