Жарияланды: 460

Алматыда екі тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды

Алматыда екі тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды

Алматы полициясы жауынгерлік оқпен атуға ыңғайластырылған екі травматикалық тапаншамен қаруланған ер адамды ұстады,

деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Бейсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, кеше кешке полиция қызметкерлері Абай даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында "Дэу" маркілі көлікті тоқтатқан.
Көліктің салонын тексеру кезінде жолаушының аяғы астынан тапанша табылған. Сондай бір қару оның шалбарының оң қалтасынан шыққан, онда тағы алты оқ болған. Ұсталған жігіт қаруды тауып алғандығын, оны полицияға өткізбек болғандығын мәлімдеген.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сот-баллистикалық сараптама белгіленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін