Алматыда еркектерге СПИД жұқтырып жүрген жезөкшелердің тағы бір тобы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда еркектерге СПИД жұқтырып жүрген жезөкшелердің тағы бір тобы ұсталды

Алматыда еркектерге СПИД жұқтырып жүрген жезөкшелердің тағы бір тобы ұсталды

Алматыда бір түнде 42 жезөкше ұсталды. Алайда қалалық полиция оларды ақылы төсек қатынасымен айналысқаны үшін емес, қала көшелерін қоқыспен ластағаны үшін ұстап әкетіпті.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 144
Фото - Caravan.kz

Көше бойын жағалап тұратын мұндай қыздарды арсыз қызметі үшін жауапқа тарту заңда көрсетілмеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары оларды қандай да бір тіркеуде бар-жоғын тексеру үшін бөлімшеге әкеліпті. Жалпы, өткен демалыс күндерінен бері қала бойынша жыныстық қызмет көрсететін 113 қыз қолға түскен. Олардың 39-ы Абай даңғылының бойынан ұсталса, 74-ін Сейфуллин көшесіндегі қоғамдық орындардан тауып алған. Барлығы бей-берекет қоқыс тастағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және адамдарға өз қызметін ұсынып, мазасын алғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.