Жарияланды: 470

Алматыда «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілер іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Алматыда «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілер іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Алматы қалалық ІІД әл-Фараби даңғылында «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілерді іздестіріп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты.

Әл-фараби бойындағы автобәйге видеосы @ztb_kz в Инстаграм аккаунтында жарияланды.

Постқа өз жазбаларын қалдырған көпшілік жүргізушілердің бұл әрекетіне наразылығын білдірген.

Қазір бұл деректі ІІД тексеріп жатыр.

«Адам өмірі мен денсаулығына кесірін тигізуі ықтимал жол ережесін бұзу дерегі орын алған. Әкімшілік полиция басқармасының басшылығымен қазір Алматыда тексеру басталды. Кінәлі адамдар ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді С.Әзірбек. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін