Алматыда футзал бойынша Әлем суперкубогы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда футзал бойынша Әлем суперкубогы өтеді

Алматыда футзал бойынша Әлем суперкубогы өтеді

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 1-4 қазан аралығында мини-футбол (футзал) бойынша Әлем суперкубогы өтеді, деп хабарлады қалалық дене шынықтыру мәдениеті және спорт басқармасынан.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

Турнирге әлемнің үздік командалары — "Интелли" (Бразилия), "Чонбури" (Таиланд), "Динамо" (Ресей) және "Қайрат" (Қазақстан) қатысады, делінген дүйсенбіде басқармадан таралған ақпаратта.

2 қазан күні сағат 18:00-де Суперкубок матчында "Динамо" мен "Интелли" командалары кездеспек, сол күні сағат 20:30-да "Қайрат" пен "Чонбури" кездеседі.

3 қазан күні сағат 18:00-де үшінші орын үшін матч өткізіледі, ал сағат 20:30-да турнирдің финалы өтеді.