Алматыда кәсіпқой бокстан халықаралық матч өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кәсіпқой бокстан халықаралық матч өтеді

Алматыда кәсіпқой бокстан халықаралық матч өтеді

Алматыда 25 қаңтарда кәсіпқой бокстан халықаралық матч өтеді. Онда супер-орта салмақта Ал-Хаттаб деген бүркеншік аты бар 24 жасар қарағандылық Михаил Криницин 16-шы жекпе-жегін өткізеді.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін 11 кездесуде жеңіп (жетеуін нокаутпен), 2 кездесуде тең түсіп, 2 кездесуде жеңіліс тапқан Михаил алғашқы жекпе-жегін 2007 жылы 15 желтоқсанда Жамбылда Бекзот Толаметовпен, ал соңғы кездесуін 2012 жылы 5 мамырда Темірланда Орынтай Кендековпен өткізген болатын.

Жартылай орта салмақта астаналық 18 жасар Роман Жайлауов 7-ші кездесуін өткізеді. Бұған дейін ол 6 рет жекпе жекке шығып, оның бәрінде (төртеуін нокатупен) жеңіске жеткен болатын. 2012 жылы 18і желтоқсанда Шымкентте 6 раундық кездесудің 3-ші раундында Мейірбек Сабировты нокаутпен ұтты. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде ол 2012 жылы 18 тамызда Шымкентте Фарид Сафиулинмен өткізіп 4 раундық жекпе-жектің 2-ші раундында қарсыласын техникалық нокатпен жеңген еді.

Жеңіл салмақта бақ сынайтын 25 жастағы көкшетаулық Әнуар Мұсағұлов үшін бұл 5-ші кездесу болмақ. 2009 жылдан бері кәсіпқой бокс рингінде өнер көрсетіп жүрген боксшы бұған дейін 4 кездесу өткізіп (біреуін нокаутпен) бәрін өз пайдасына шешкен еді.