Алматыда кезекті той кортежі жұртты шошытты
Көшені жауып, кортежбен жүру жас-жұбайлар үшін сәнге айналғандай! Ғаламторға тараған осындай тойдың таспасы тағы бір дауға себеп болатын түрі бар. |
Оқиғаның нақты қай қалады болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен таспада кортеждегілердің тым еркінсінгені анық көрінеді. 6 көлік артымен келе жатса, жас жұбайлар қол ұстасып, саябақтағыдай серуендеп жүр. Қозғалыстың шектелуіне байланысты, көшеде ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Тіпті қоқыс таситын көлік пен жедел жәрдем амалсыз қарсы бағытпен жүйткуге мәжбүр. Тым еркінсулеріне қарағанда, бұл жолғы той иелері де қатардағы адам емес сияқты. Ұлының тойындағы осындай есерліктің кесірінен өткен айдың соңында ғана еліміздің бас жол полицейі Бақытжан Балташев қызметінен кеткен болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін