Жарияланды: 870

Алматыда көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді

Алматыда көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді

Бүгін Алматы қаласының Медеу аудандық әкімдігінде екі батыр анаға ерекше құрмет көрсетілді.  Аудан тұрғындары - Софиахан Әлімова «Алтын алқа», ал Полина Кузьмина «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.

Бұл туралы Жарлыққа Елбасы үстіміздегі жылы 18 қарашада қол қойған.

«Бала бауыр етің, өмірдегі ең басты бақытың. Бала - өміріңнің жалғасы. Сондықтан, барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қазіргі таңда баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен маңызға ие. Сіздерді марапаттау мен үшін үлкен құрмет. Марапаттарыңыз құтты болсын!, - деді өзінің құттықтау сөзінде Медеу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жанна Досанова.

Софиахан Әлімова бұдан екі жыл бұрын «Күміс алқаға» ие болған екен. 

«Мен ел Президенті атынан осындай марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Барлық қазақстандық қыз-келіншектерге халық санын арттыруға үлес қосыңдар дегім келеді. Отбасыларыңыздың амандығын тілеймін. Рахмет!», - деді батыр ана С. Әлімова.

Өз кезегінде Полина Кузьмина да бұл марапатқа өте риза екендігін жеткізді.

«Мен үшін бұл өте қуанышты сәт. Барлықтарыңызға рахмет! Қазіргі заманда көп балалы ана болу, балаларыңды қатарынан кем қылмай бағып-қағып өсіру оңай емес. Күйеуіңнің қолдауынсыз ешбір әйел мұндай қадамға бармайды. Сондықтан, қыздарға жақсы жігіттерге тұрмысқа шығыңыздар дегім келеді», - деді П. Кузьмина. 


Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін