Жарияланды: 290

Алматыда көптен бері айтылып жүрген тағы бір әуежай ақыры салынатын болды

Алматы жаңа әуежайға мұқтаж. Оңтүстік астанадағы халықаралық әуежай басшылығы осындай мәлімдеме жасап отыр. Айтуларынша, уақыт өте қаланың көлемі, соған сай жолаушылар ағыны да артып келеді.

Ал Алматы облысы аумағында жаңа әуежай салынады дегелі талай жыл өтсе де нақты іс әлі қолға алынған жоқ. Тіпті, облыс басшылығы 8 миллиард долларға бағалаған алып құрылыс кешенін белгілі мамандар құр ысырапшылық деді. Өйткені, сонша қаржы шығындамай-ақ, 138 миллион долларға жаңа әуежай тұрғызуға болады екен. Шенеуніктер мен сала мамандары жоба құнын анықтай алмай жатқанда Алматының қазіргі әуежайына көп ұзамай жолаушы сыймай қалуы мүмкін. Өйткені, жылына 5 миллион жолаушы ағынына есептелген әуежайда адам саны алдағы бесжылдықта 10 миллионға дейін көбеюі мүмкін. Оның үстіне, Алматының сейілмейтін тұманы да ұшып-қонуға көп кедергі.

Қобыланды Тумышев, Алматы халықаралық әуежайының бірінші вице-президенті:

- Әуежайдың қазіргі мүмкіндігі шектеулі. Әрі қарайғы дамуы да күмәнді. Қараша мен наурыз айлары аралығындағы қалың тұман бізге үлкен кедергі келтіреді. Ал жаңа әуежайда бұндай қиындықтан арыламыз. Сондықтан, бізге қаланың сыртында үлкенірек халықаралық әуежай керек.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін