«Таңертеңгі 9:14-те Абай мен Клочков көшелерінің қиылысындағы жеңіл көлік өртке оранғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, көлік моторында қысқа тұйықталу болған. Салдарынан 0,3 шаршы метр аумақты алған өрт тұтанды. Өрт 9:37-де сөндірілді»,- деді С. Баймұхамбетова.
Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген.