Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қатыгездікпен жасалған адам өлтіру қылмысын ашу үшін айдан астам уақыт керек болған. 25 жасар қыздың денесі бір ай бұрын «Ақсай» ықшамауданындағы жалдап тұрып жатқан пәтерінен табылған болатын.
«Қылмыскерлердің қатыгездігі бізді таң қалдырды: қыздың басы жарылған. Үйдегі заттар шашылған, сондықтан да оны тонау мақсатында өлтірген деген болжам жасалған болатын»,- деп хабарлады Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Серік Дәлетбаев.
Оның айтуынша, құрылған жедел тергеу тобы тергеу жүргізу барысында куәлерді іздеуге кіріскен. Бірақ бұл әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермеген. Осыдан кейін жедел қызметкерлер қылмыскерді оның маңындағы адамдардың арасынан іздей бастаған. Тергеудің бір ұшы құрбан жұмыс істеген мейрамханадағы екі даяшыға әкеп тіреген.
«Ұсталған жігіттер бастапқыда өздеріне күдік ұялатпай үшін өте салмақты ұстаған. Екеуі сөздерінің бір жерден шығуы үшін алдын ала келісіп алған. Күдіктілердің үйінен айғақтар табылған: қан дағы жұққан киімдер, өлген қыздың құнды заттар, сонымен қатар қылмыс құралы табылған. Қылмыскерлер өз істерін тындырғаннан кейін бағалы заттарды өздерімен ала кеткен. Сөйтіп, тергеуді ұрлық мақсатындағы қылмыстың ізіне салмақ болған»,- деді С. Дәулетбаев.
Жігіттер өздерінің құрыққа түскендерін түсіне келе, қызды өлтіруді бұрыннан бері жоспарлап жүргендерін хабарлаған. Қылмысқа олардың арасында жұмыс барысында туындаған жағымсыз қатынастар себеп болған. «Жігіттер өш алмақ болып, қылмыс жасайтын күні әріптестерінің үйіне қонаққа барады. Пышақ және арматурамен қаруланған олар санаулы секундтар ішінде өздерін ренжіткен азаматшамен есеп айырысады»,- деп хабарлады полицейлер.
Ұсталған екі жігітке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-тармағы бойынша айып тағылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті