Алматыда мектеп табалдырығын аттамаған 16 жастағы қыз кешкі мектепке орналастырылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мектеп табалдырығын аттамаған 16 жастағы қыз кешкі мектепке орналастырылатын болды

Алматыда мектеп табалдырығын аттамаған 16 жастағы қыз кешкі мектепке орналастырылатын болды

Алматыда мектеп табалдырығын аттамай келген, әліпті таяқ деп білмейтін 16 жастағы қыз бар екен.

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 733
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Алатау аудандық ІІБ жасөспірімдер ісі бойынша инспекциясы мен Алатау аудандық прокуратурасының жүргізген арнайы рейді барысында белгілі болды. 

Жүргізілген тексеру барысында кәмелет жасына жетпеген 4 бала мектеп партасына отырып көрмегендігі анықталды. Олардың бірі — Алатау ауданының тұрғыны Гүлстан Әминова осы жасына келгенше қаріп танымайды, тек саусағымен ғана санай алады. 
Белгілі болғандай, Гүлстанның отбасы толық емес. Әкесі қызының тағдырынан хабарсыз. Ал, анасы таңнан кешке дейін жұмыс жасап, қызын оқытуға уақыт таппаған. 
«Гүлстанның мәселесі Алатау аудандық әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі. Комиссия кешкі мектепке орналастыру бойынша шешім қабылдайтын болар», — деді Алатау аудандық ІІБ ювеналды полициясының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор Алмаш Джанышпаева.
Алатау ауданында мектепке бармай қалған тағы үш баланың тағдыры да аудандық комиссияның қарауына жіберілетін болды. 
Алатау аудандық прокурорының көмекшісі Адай Құтымовтың айтуынша, 16 жыл бойы тіркеусіз жүрген отбасының тұрақты мекенжайы болмаған. 
«Олар әр мекенжайда 1,2 апта тұрып, көшіп жүре берген. Қазір білім басқармасына ұсыныс жіберілді. Құжаттарын ІІБ өткізіп қойды. Олар мектепте қажетті әлеуметтік көмекті алатын болады. Олардың бұдан арғы тағдыры біздің қатаң бақылауымызда болады», — деді Алатау ауданы прокурорының көмекшісі Адай Құтымов.