Алматыда мердігерлердің кесірінен үйлерге жылу берілмей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мердігерлердің кесірінен үйлерге жылу берілмей жатыр

Алматыда мердігерлердің кесірінен үйлерге жылу берілмей жатыр

Мердігерлер мезі етті. Алматыда асфальт төсеушілер мен құбыр жөндеуші компаниялар жұмыстарын уақытылы бітіре алмай жатыр. Салдарынан кей ықшамаудандардағы көпқабатты үйлерде жылу маусымы тақалса да, ыстық су жоқ. 

  • 2 Қазан 2015
  • 287
Фото - Caravan.kz

«Ақсай» ықшамауданында қопарылып жатқан мына жерлерге жаңадан ыстық су құбыры жүргізілуі керек болған. Алайда, жаз бойы жөндеп бітпеген мердігерлер дәл жылу маусымы тақалғанда қарбаласып жатыр. Бірақ, тұрғындар олардың 15 қазанға дейін бітетініне сенбейді. Бүгін қала әкімдігінің өкілдері осылай жұмысы әлі аяқталмай жатқан жерлерді аралап шықты. Қазір шаһар бойынша 183 нысанда жол төсемдері мен инженерлік желілер жөнделуде. Олардың арасында өрескел қателіктерге жол берген он шақты компания жұмысын тоқтатқан. Тағы екеуі негізгі уақытында бітіре алмай, кешігіп жатыр. Ал ашуланған әкімдік өкілдері бұл жолы оларға жұмысты бітіру үшін 20 күн мұрсат берді.

Бақытжан Мұхтаров, Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

-Жаңа жылдан бастап 71 құрылыс ұйымына шара қолданылған. 16 миллион теңге айыппұл  салынған. 20-қазанда соңғы мерзім бердік. Құрылған комиссия қайтадан шығамыз, тексереміз. Кім уақытында бітірмесе, оны лицензиясын тоқтатамыз.