Бұл туралы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сот шешімімен Дәркенов ҚР ҚК 121-бабы бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Сондай-ақ, енді оған өмір бойы бала тәрбиесімен және педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды», — деді баспасөз қызметінен.
Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы 2015 жылы 7 маусымнан 2 шілдеге дейін өзінің туған әпкесінің 9 жасар ұлын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп келген.