Жарияланды: 620

Алматыда перзентхана қызметкерлері жалғыз басты аналардан нәрестелерін тартып алып сатқан

Алматыда перзентхана қызметкерлері жалғыз басты аналардан нәрестелерін тартып алып сатқан

Алматының Әуезов ауданының прокуратурасы перзентхана қызметкерлерінің сәбиді заңсыз сату фактісін анықтады,

деп хабарлады сейсенбіде қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда, босандыру блогының медбикесі сәбиді үш мың долларға сатқан.
Баланың биологиялық анасының Өзбекстан азаматшасы екендігі анықталды, бала анасына қайтарылды.
Бұл факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 135 бабы бойынша қылмыстық і қозғады, медбике қамауға алынды.
Алматы полициясы басқа да ауруханаларда қызметкерлердің осындай қылмыстарға қатыстарын тексеруде.
Белгілі болғандай, осы жолмен 2013 жылдан бері медиктер жалғыз басты аналарды көндіріп, балаға қолы жете алмай отырған отбасыларға 13 сәбиді сатқан.
Алты баланың биологиялық аналары анықталды, тергеу органдарының шешіміне орай сот үкіміне дейін балалар сол «сатып алушыларда» қалған.
Бала сату бағасы 1-20 мың доллар шамасында болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін