Жарияланды: 430

Алматыда ҚазИТУ-дағы өрт салдарынан 75 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Алматыда ҚазИТУ-дағы өрт салдарынан 75 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде өрт шықты. Салдарынан 75 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Қалалық ТЖД ақпаратынша, 21 желтоқсанда сағат 15.33-те «101» нөміріне Әл-Фараби даңғылы, 93 «А» мекенжайында орналасқан Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде ғимарат шатыры отқа оранғаны жайлы хабар түсті. 

Бірінші құрылым оқиға орнына сағат 15.44-те жетті. 
«4-ші қабаттың шатыры отқа оранды. Қара түтін салдарынан адамдарды қауіпсіз жерге шығару оңай болмады. Барлау жұмыстарын жүргізу және отты ауыздықтау кезінде 75 адам қауіпсіз жерге шығарылды», - деп хабарлады ТЖД. 
Өрт сағат 16.04-те ауыздықталып, сағат 16.18-те жойылды. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Барлығы 19 техника мен 77 құтқарушы жұмылдырылды. 
Жапа шеккендер туралы ақпарат келіп түспеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін