Алматыда сабақ үстінде шәкірттерін ұрған мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сабақ үстінде шәкірттерін ұрған мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда сабақ үстінде шәкірттерін ұрған мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқушыға қол көтерген мұғалім бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Шәкірттерін желкесінен түйген алматылық ұстазға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Ерсі қылығы үшін үш жылға білім беру саласынан шеттетілген ол енді 2 жылын темір торда өткізуі де мүмкін. 22 жастағы Айдана Сәрсенбаеваның оқушыларын таяқтың астына алып жатқаны ғаламторда кең таралған болатын. Қала мектептерінің бірінде болған бұл жәйтты оқушылар телефонына түсіріп алған.

  • 1 Желтоқсан 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

Әуелі қос қолдап шапалақпен ұрған долы ұстаз артынан осылай жұлқылауға көшкен. Жүйкесі сыр берген жас мұғалімнің осы 7-ші сыныпта қазақ тілі сабағын өткізіп жатқан беті екен. Мектеп басшылығы жұмысқа кіргелі тек жақсы қырынан көрінген жас маманның мұндай оғаш қылығын өздері де түсінбей қалыпты.

Гауһар Саринова, №198 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Бұндай оқиға бұрын-соңды бізде тіркелмеген, болмаған, қайталанбаған, бірінші рет болып тұр. Сол сабақ үстінде сабақта мұғалім мен оқушылардан басқа ешкім болмады. Сол себептен осылай болды деп басыбүтін ештеңе айта алмаймын.

Ал мұғалиманың өзі оқиға болған күннің ертесіне арыз жазып, отбасылық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан кетіпті. Алайда ашуын тежей алмаған ұстаз құқық қорғау органдарының жазасынан құтылмайын деп тұр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Мұғалімнің іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Яғни, Қылмыстық Кодекстің 140-бабының екінші тармағы бойынша. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасу үстінде. Қылмыстық іс аясында осы іске қатысушылардың барлығы сұрастырылады. Яғни, мектептің басшылығынан бастап жәбір көрген мектеп оқушыларына дейін. 

Айдана Сәрсенбаева енді заң бойынша берісі айыппұл төлеп, арысы 2 жыл темір торға қамалуы мүмкін. Дегенмен, оның жазасын жеңілдететін жағдайлар да қарастырылмақ.