Алматыда салынғанына жыл толмаған үй қирап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда салынғанына жыл толмаған үй қирап жатыр

Алматыда салынғанына жыл толмаған үй қирап жатыр

Алматыда да кілті табысталғанына әлі жыл толмаған үйлердің кемшін тұстары көп болып шықты. Шала құрылыстың кесірінен, пәтерлердің қабырғалары жаппай көгеріп жатыр.

  • 7 Қаңтар 2016
  • 206
Фото - Caravan.kz

Бір жылға жетпейтін уақыттың өзі мемлекеттік бағдарламамен салынған пәтерлердің сапасын анықтап берді дейді жұрт. Құрылыста кеткен шалағайлық шаш етектен. Көгеріп жатқан қабырғалардың иісі үйлерін алып кеткен. Терезелері де дұрыс орнатылмай, гуілдеген желден пәтер іші суып кетеді екен. Бұл Сейфуллин көшесінің бойындағы жаңа 5 қабатты үйлердегі олқылықтардың соңы емес. Мұнда еденге жайылған линолеумдер де жамау-жамау. Шыдағандары кем-кетіктің бәрін өз қаржыларына жөндеп алыпты. Ал шамасы келмегендері 1 жылдан бері жауаптылардан көмек сұраумен жүр. Бірақ бірде-бір шенді құрылыстың шикі тұстарын түзетуге асығар емес деп ашынады тұрғындар.

Мәриям Илахонова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Терезеден жел соғады. Суық үйдің іші. Су аққанда үйім сасып кетеді.