Алматыда тағы бір астыртын ойынхана әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы бір астыртын ойынхана әшкереленді

Алматыда тағы бір астыртын ойынхана әшкереленді

Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ызметкерлері бильярд клубының атын жамылып қызмет етіп келген астыртын ойынхананың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

  • 17 Қазан 2013
  • 285
Фото - Caravan.kz

Тексеріс барысында Райымбек батыр даңғылындағы (Розабакиев көш.қиылысы) ғимараттардың бірінде 7 покер ойынына арналған үстелдер, ойын карталары, фишкалар және қомақты қаржы анықталып тәркіленген болатын.

Қазіргі таңда департамент қызметкерлері тексеріс жүргізуде, нәтижесінде астыртын ойынхананың ұйымдастырушысына қатысты ҚР ҚК 269-1 б. (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалмақ.