Жарияланды: 220

Алматыда тағы да лай көшкіні болды

Тағы сол Наурызбай ауданында су құбырларының бірі тесіліп, соның салдарынан мың екі жүз текше метр лай төменге сырғыған.

Оқиға «Алма» атты бақша қоғамының аумағында болған. Түнжарымда болған төтенше жағдайдан екі қабатты үй қирапты. Аулада тұрған автокөлік те лайдың астында қалған. Абыро болғанда, зардап шеккендер жоқ. Аталған аумақтан бес адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жолдар тазаланып, қазір ол жерді төтенше жағдай мамандары күзетіп жүр. Айта кетейік, Алматыдны биылғы шілде айында топан су басқан еді. Соның салдарынан 7 үй мен 2 мектеп, бір емдеу мекемесі және 400-ден астам әр түрлі нысандар зардап шеккен болатын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін