Алматыда тайғақ жолға құмды қолмен себуге мәжбүрлеген ЖШС-ға қатысты шара қолданылды
![]() |
Алматыда тайғақ жолға құмды қолмен себуге мәжбүрлеген ЖШС-ға қатысты шара қолданылды. Келеңсіз жағдай бүгін Ютуб желісінде шыққан болатын. Тайғақ жолға құм себумен айналысатын коммуналдық көлікте отырған екі сарбаз құмды қолмен сеуіп шыққан. |
Бейнеролик Алматы әкімдігінің Инстаграмдағы аккаунтында жарияланды.
Әкімдік тез арада бұл оқиғаға қатысты шара қолданды.
«Қала аймағын абаттандыру ережесін бұзғаны үшін "АБС ЛД-Строй" ЖШС өндірістік бөлімшесінің шеберіне қатысты ҚР Əкімшілік кодексінің 505 бабына сəйкес, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, əкімшілік хаттама жасалды», - делінген аккаунттағы жауапта.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін