Жарияланды: 330

Алматыда той кортежі кезінде шоу жасағандар кешірім сұрады

Алматылық дрифтерлер де жазадан құтыла алмады. Полицейлер әл-Фараби даңғылындағы қозғалысқа кедергі жасап, өздігінше «шоу» жасаған қос жігітті қолға түсірді.

Жол ережесін өрескел бұзған Lexus пен Mitsubishi де той кортежінің құрамында жүрген. Ал тізгінде 26 жастағы Тамаз Құрбанов пен 23 жастағы Афган Мамедов деген азаматтар болған. Қымбат көлік мінгендерімен, екеуінің де тұрақты жұмысы жоқ екен. Енді қомақты айыппұл төлеуі тиіс. Экстримді жаны сүйетін екі жігіт бар болғаны той қонақтарын таңқалдырмақ болдық деп отыр.

– Естелікке жақсы кадрлар қалсын деп камера алдында өнерімізді көрсеткен едік. Бұл әдемі, әрі мақтанарлық дүние екен деп ойлағанмын. Енді бұл қылығымм үшін кешірім сұраймын. Біздің кесірімізден көлік кептелісі болды. Біреу жапа шегуі де мүмкін еді.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін