Жарияланды: 180

Алматыда тұтас бір мектеп улы газға тұншықты

Алатау ауылындағы білім ошағында жоғары сынып оқушысы шашқан газ баллонынан 10-нан астам оқушы уланған. Олар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Ал мектеп ұжымы оқыс оқиғаны жасырып бағуда.

Оқиға Алатау ауылындағы №7 мектепте болды. Үлкен үзілісте жоғарғы сынып оқушыларының бірі мектеп фойесімен газ баллонын шашып өткен. Ал иістен уланғандар шетінен құлай бастапты. Зардап шеккен 10-нан астам оқушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Ата-аналардың айтуынша, 6 оқушы жансақтау бөліміне түскен.Тіпті, қоңырауда балаларды бақылауға тиісті мектеп кезекшілері де орнында болмаған көрінеді. Ал газ баллонын шашқан тоғызыншы сынып оқушысы деген болжам бар. Ол бала қазір іздестіріліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін