Жарияланды: 250

Алматыда жаңа жаяу жүргіншілер өткелі пайда болуы мүмкін

Келер жылдан бастап Алматы көшелерінде жаңа жаяу жүргіншілер өткелі пайда болуы мүмкін. Бұл жобаны өнертапқыш Данияр Ақаев ұсынып отыр. Оның айтуынша тың жоба көшедегі көлік апатын азайтып, тұрғындардың жолдан қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді екен.

Жаңа өткелдің жұмыс істеу тәртібі тым қарапайым. Яғни оған екі баған орнатылып, үстіне пластик тор тартылады екен. Сосын түрлі-түсті жарық шамдары мен екі белгі бергіш қойылады. Соның көмегімен өткелге жүргіншілер жақындағанда жарық жанып, ол көлік жүргізушілерге алыстан көрінеді дейді өнертапқыш. Бастысы, бұл қондырғы күн сәулесінен қуат алатын батареялармен жұмыс істейді. Сондықтан шығыны аз көрінеді. Десе де оны арнайы мамандар сынақтан өткізуі тиіс. Егер олар оң баға беріп жатса қондырғы қаладағы қауіпті жол өткелдеріне қойылуы мүмкін. 

Данияр Ақаев, өнертапқыш:

-Бұл өте арзан. Бұған ұқсас проектілер бар. Бірақ олар ақша жағынан өте қымбат. Одан кейін жарыққа қосу керек. Салмақ жағынан ауыр. Ал біздің жоба әншейін пластик сетка. Ешқандай ауырлығы жоқ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін