Алматыда жазғы дәмхана отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жазғы дәмхана отқа оранды

Алматыда жазғы дәмхана отқа оранды

Алматыда Алатау ауданында орналасқан «Zor-Zor» дәмханасы отқа орнады. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2016
  • 310
Фото - Caravan.kz


«Өрт туралы хабарлама таңғы 5:28-де түскен. 5:34-те оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, дәмхананың жазғы алаңы өртке оранған.
Төтенше жағдайды ауыздықтау жұмылдырылған 17 бірлік техника мен 65 адам қызыл жалынның өзге ғимараттарды шарпуына жол бермеді. Өрт 5:53-те ауыздықталып, 06:43-те сөндірілді», — деді ол.
Төтенше жағдай салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. 
Тілсіз жау 190 шаршы метр аумақты шарпыған.