Жарияланды: 320

Алматыда жезөкшелер көп жүретін қонақ үй жанып кетті

Бүгін Алматыда қонақүй, фитнес-клуб, көлік жуу орталығы мен дәмхана шоғырланған кешен отқа оранды. Жалын жұрт тура түскі асқа отырған кезде қонақүй бөлмелерінің бірінен тұтанған.

Сөйтіп лезде күш алып, кешен шатырын түгел шарпыпты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Ал 35 өрт сөндіруші 300 шаршы метрдей аумаққа таралған тілсіз жауды екі сағаттан аса уақыт жүріп әзер ауыздықтаған. Бірінші кезекте бұған ғимараттың бірінші қабатындағы трансформатор кедергі келтіріпті. Бүкіл ықшамауданды тоқпен қамтып отырған осы электр желісінің неліктен жеке нысан ішінде қалып қоғаны түсініксіз. Жұрт жеңіл жүрісті қыздардың ордасына айналған қонақүйді де жылдар бойы жапқыза алмай жүр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін