Жарияланды: 290

Алматыда жоғалған қыздың табылғаны туралы ақпарат өтірік болып шықты

Алты күн бұрын жоғалған Айзада Авлатаровадан әлі күнге хабар жоқ. Бүгін түс ауа әлеуметтік желілерде 20 жасар студенттің табылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет жалған болып шықты.

Бірақ іздестіру тобы мен туыстарының қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі Айзада Авлатарованың табылғаны туралы ақпарат расталмаған. Сондықтан еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын ертең тағы да жалғастырады. Қазірдің өзінде жүзден астам адам жол талғамайтын көліктермен Іле өзенінің сағасын, қойшылардың қыстаулары мен 40-шақты елді-мекенді кезіп шығыпты. Тіпті қолдарында Айзаданы ұралған азаматтың суреті де бар. Бірақ соған қарамастан 20 жасар бойжеткеннің нақты қайда екенін анықтау мүмкін болмай тұр. Айзада Авлатарова үшінші желтоқсан күні Жетіген ауылынан таксиге мініп, Өтеген батыр кентіне беттеген болатын. Содан бері Экономика және құқық колледжінің бірінші курс студентімен байланыс жоқ. 

Константин Авершин, Іздестіру тобының мүшесі:

– Біздегі мәлімет бойынша қыз тірі. Оны ұрлап әкеткен азамат өзімен бірге алып жүрген көрінеді. Күдіктінің бұрын сотталған, араққа құмар екені туарлы мәлімет бар.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін