Алматыда жылу құбыры жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жылу құбыры жарылды

Алматыда жылу құбыры жарылды

Алматыда Медеу ауданында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды. Салдарынан 1 тұрғын үй мен 6 әкімшілік ғимарат жылусыз қалды.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Алматы жылу-энергокешені» кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гирин айтты.

«Диаметрі 500 мм болатын құбырдың арықтың тұсынан өтетін жері жарылған. Негізгі себебі, құбырдың тозуынан болған. Ол  1993 жылы пайдалануға берілген», — деді Я.Гирин.

Қазір апатты қалпыну келтіру жұмыстары жүріп жатыр.


Жапа шеккендер жоқ.