Алматыдағы апат: Трамвайдың ішінде жүргізуші болмаған
![]() |
Бүгін Алматыда ірі жол апаты тіркелді, - деп хабарлады 24.kz. |
Оқиға Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Алматы қалалық ішкі істер департаменті өздерінің ресми сайтында апатқа трамвайдың себеп болғанын жазуда. Алдын ала болжам бойынша, оның тежегіші істен шыққан көрінеді. Салдарынан 4 адам зардап шеккен. Сондай-ақ 14 көлік айтарлықтай зақымданды. Бірнешеуі төңкеріліп, жиырылып қалған. Оқиға орнында бір өрт сөндіру көлігі мен медициналық қызметкерлер жұмыс атқаруда. Сондай-ақ жаңа ғана белгілі болғанындай, бірнеше куәгер апат кезінде трамвайдың өздігінен жүріп кеткенін және оның ішінде жүргізуші болмағанын айтқан.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін