Олардың қатарында төсекке таңылғандар мен арбаға жегілген мүгедектер де бар. Аса ауыр халде жатқан науқастар мен оларға қарайтын дәрігерлер оқшауланбаған. Ал екі сағат бойы нысанды тінтіп шыққан саперлар ешқандай да жарылғыш зат таппады. Есесіне тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған телефон лаңкесі көп ұзамай ұсталды. Жалған ақпарат таратып, жұрттың зәресін алған адам Алматы облысы Ұйғыр ауданының 23 жасар тұрғыны екен. Ол бұл қадамға қой бағып жүріп, зеріккеннен барғанын айтқан. Алматыдағы нысандардың ішінде бұрын өзі жатып емделген осы Қалқаман ауруханасы есіне түсіпті. Еріккен жігіт бұл қылығы үшін енді алты жылға дейін сотталуы мүмкін.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:
-Айта кетейік, биыл бұл қылмыс үшін заңнамада жаза мерзімі қатайтылды. Өйткені мұндай фактілер жиілеп кетті республика аумағы бойынша.