Жарияланды: 230

Алматыдағы прокурорлар мектеп бетін көрмеген балаларды анықтады

Алматыда әліпті таяқ деп білмейтін жеткіншектер жетерлік. Солардың бір тобын бүгін прокурорлар арнайы рейд барысында анықтап, тіркеуге алды. Әлі мектеп бетін көрмегендердің арасында 16 жасар қыз да бар.

– Талдықорғанда ғана.

– Нешінші кластарды оқыдың ол жерде?

– 1-класты оқыдым. Мамамды сағынып қайтып кеттім.

10 жасар Алмастың биыл 4-ші сыныпқа баратын жылы. Бірақ екінші, үшінші сыныптарды өткізіп алған ол биыл да сабаққа бара алмай қалған. Бұған тұрмыс тауқыметі себеп. Анасының айтуынша, мектептер де жергілікті тіркеуде емессіңдер деп оқуға қабылдамай қойыпты. 16 жасар Гүлстанда да осындай жағдай. Тіркеуі болмағандықтан, мұндағы білім ұялары сырт айналған. Оның үстіне бұл қыздың да тұрмысы нашар. Гүлстан анасымен бірге елімізге 2001 жылы Қарақалпақстаннан көшіп келген екен. Аздап әріптерді ғана жазатыны болмаса, әлі күнге сауат ашпаған. Енді заң қызметкерлері бұл балалардың құжаттарын реттеп, білім алуына жағдай жасамақ.

Алма Жанысбаева, Алатау аудандық кәмелетке толмағандар ісі бойынша полиция капитаны:

- Кешкі оқу орнына береміз. Қазір комиссия бар бізде, Алатау ауданында. Сол жерде комиссия мүшелері шешеді, қай кешкі мектепке баратынын. 16:23 Енді үш жылдай оқиды. Енді ары қаратай мүмкін кешкі мектептен профессия алатын шығар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін