«15-желтоқсаннан бастап біздің табысымыз екі-үш есеге түсіп кетті. Жолдар мен асулардың барлығының ашылғандығына қарамастан автобустар тұрып қалды. Жолаушылардың барлығы билеттің бірнеше есе қымбаттығына қарамастан, теміржол арқылы кетіп жатыр»,- деді Ә. Құрманғалиев.
Оның айтуынша, қазір жолаушылардың болмауынан Кентау, Абай, Сарыағаш, Жібек жолы сияқты бағыттардағы рейстерді тоқтатуға тура келіп отыр. «Тек Таразға ғана жолаушылар бар, олардың өзі көп емес»,- деді автовокзал өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті