Алматыдағы жарылыс: Алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жарылыс: Алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі қамауға алынды

Алматыдағы жарылыс: Алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі қамауға алынды

 Алматыда кеше жарылыс болған Сән және дизайн колледждің АӘД сабағының мұғалімі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Қараша 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы 1 қыздың өмірін жалмап, 8 адамды жаралаған оқиғаға байланысты ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазір аталған дерек бойынша қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251-бабы (Қару мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, алу, сату, алып жүру) және 101-бабы (Абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында оқиғаның нақты себептерін анықтайтын бірқатар сараптаулар тағайындалды.


Сондай-ақ, ҚР ҚК 132-бабына сәйкес алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі уақытша қамау изоляторына тоғытылды. 1967 жылы туылған азамат қазір процессуалды тәртіпте түсініктеме беруде.

Тергеу барысында қарудың оқу орнында қалай пайда болғаны мен кімге тиесілі екендігі тексерілмек.