Алматыдан 338 шақырым қашықтықта жер сілкінді
![]() |
23 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 04.21-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 338 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7, магнитудасы - 3.9. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер асты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін