Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бүгін Алматыда жер сілкінісі тіркелді. 

  • 25 Маусым 2023
  • 656
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 маусым күні Алматы уақытымен сағат 2:51-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 


«Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4,6. Эпиошақ координаттары – 47.05° с.е. 80.20° ш.б. Тереңдігі – 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.