Алматыдан Таразға 5 мың теңгеге ұшақпен баруға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан Таразға 5 мың теңгеге ұшақпен баруға болады

Алматыдан Таразға 5 мың теңгеге ұшақпен баруға болады

Тараз бен Алматы арасындағы рейске билетті небәрі 5 мың теңгеге сатып алуға болады

  • 29 Наурыз 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

«FlyArystan» бюджеттік әуе компаниясы кейбір бағыттарға билет құнын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған компанияның Инстаграмда жарияланған ақпаратына сәйкес, ұшу ұзақтығы 1 сағатты құрайтын Тараз бен Алматы арасындағы рейске билетті небәрі 5 мың теңгеге сатып алуға болады. «Жақындарыңызға енді әр апта сайын ұшуға болады. Бір жақты билет құны небәрі 4 999 теңгеден басталады», — делінген таратылған ақпаратта. Сонымен қатар Орал мен Алматы бағытындағы рейске билет құны небәрі 12 999 теңгеден басталатындығын хабарланды. Дәл қазір билеттерді flyarystan.com сайтында арзанырақ сатып алуға болады. Бұған дейін Мамыр айыннан бастап жолаушыларға қызмет көрсете бастайтын Қазақстанның алғашқы лоукостері «Fly Arystan» компаниясы билет бағасының төмен болуына бірнеше фактор себеп екендігін мәлім еткен болатын. «Үнемділік бірнеше факторға байланысты. Лоукостерлер жанармайды үнемді түрде жұмсайтын жаңа ұшақтарды пайдалануды артық көреді. Бизнес класстың болмауы отыратын орындықтардың санын арттырады. Ұшақтың бір түрін пайдалануы, әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сай болу үшін техникалық қызмет көрсетуі және экипаж оқуы бір бағдарлама бойынша өтеді. Билеттерді неғұрлым ерте сатып алсаңыз бағасы соғұрлым арзанға түсетін болады», — деп атап өтеді компания өкілдері. Fly Arystan компаниясы ұшақтарында жолаушылар өздерімен 5 келіге дейін ғана жүкті тегін алып жүре алады. Егер қол жүгіңіздің салмағы 10 келіге жете қабыл болса онда ұшу ұзақтығына байланысты 2500-3000 теңге төлеуіңізге тура келеді. Ал қол жүгіңізден бөлек затыңыздың салмағы 15 келі болса 3 500 теңге, 20 келіге 4 000 теңге, 60 келіге 12 мың теңге төлейсіз. Ұшу уақытыңыз 2,5 сағаттан асып кетсе, онда аталған салмақтағы жүгіңізге төлейтін 1 мың теңгеге қымбатқа түседі. Ұшақпен үй жануаларларын алып жүруіңізге де болады. Жануарды бортқа алып кірсеңіз ұшу уақытына байланысты 6 000-8 000 теңге, жүк бөлімімен алып жүрсеңіз 20 000-26 000 теңге шығындайсыз. Спорттық керек-жарақ алып жүру үшін де 5-7 мың теңге мөлшерінде ақша төлейсіз. Ұшақта орын таңдау да ақылы. Өзіңіз қалаған орынға отыру үшін 1 500-7 000 теңге аралығында қаражат жұмсауыңызға тура келеді.



 

Соңғы жаңалықтар