«Алматы-Дубай» ұшағы аптасына жеті рет ұшады - «Эйр Астана» - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы-Дубай» ұшағы аптасына жеті рет ұшады - «Эйр Астана»

«Алматы-Дубай» ұшағы аптасына жеті рет ұшады - «Эйр Астана»

 Бүгін Дубайда қазақстандық «Эйр Астана» компаниясының «Алматы-Дубай» жаңа әуе рейсінің ресми тұсаукесері болды. Шараға қатысқан «Эйр Астана» президенті Питер Фостер атап өткендей, Алматы БАӘ азаматтарды үшін тамаша туристік орталыққа айнала алады. 

  • 17 Қараша 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz


Алматы мен Дубай арасындағы тікелей әуе қатынасы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде қазақстандық «Эйр Астана» және әмірліктің «Флай Дубай» тасымалдаушысымен қайта қолға алынған болатын. 

Бұдан бұрын «Эйр Астана» Алматыдан БАӘ астанасы Әбу-Даби қаласына рейстерін шығарған еді. Қазақстандық туристерге Дубай қонақүйлеріне Әбу-Даби әуежайынан ауысып міну арқылы жетуге, сөйтіп екі сағат уақытын жоғалтуға тура келетін, бұл қолайсыз еді. 

«H Dubai» отелінде әмірліктің БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлеген Питер Фостер бұған екі ел арасындағы ұзақ келіссөздердің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. Аталмыш бағыттағы ұшақ аптасына жеті рет ұшады. Олардың сыйымдылығы бизнес класта — 16 орынды және үнемді класта — 132 орынды қамтиды. Ұшақ Алматыдан таңғы сағат 7:40-та, ал Дубайдан жергілікті уақыт бойынша 11.25-те ұшып шығады. 

«Эйр Астана» сондай-ақ өзінің Әбу-Дабиге рейстерін Астана қаласынан жалғастыра береді. 

«Алматы — Қазақстанның ірі қаласы. Тау баурайындағы шаһар өзінің жағымды ауа райымен, жаздағы тамаша табиғатымен және «жұмсақ» қысымен туристерді тартады. Ол БАӘ азаматтары үшін қолайлы туризм орталығына айнала алады», — деді П.Фостер.