Алматылық баскетболшылар қапшағайлық құрдастарының осал тұсын таба алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық баскетболшылар қапшағайлық құрдастарының осал тұсын таба алмады

Алматылық баскетболшылар қапшағайлық құрдастарының осал тұсын таба алмады

Кеше Алматыда баскетболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан чемпионатының 57-ші матчы өтті.

  • 26 Наурыз 2013
  • 300
Фото - Caravan.kz

«Достық» спорт кешенінде «Алматы» мен «Қапшағай» баскетболшылары арасында өткен сайыс 69:75 есебімен аяқталды. Бүгін олардың екінші кездесуі өтеді.

Қазір Игорь Тихоненко жаттықтыратын алматылықтар турнир кестесінде 22,2 пайыздық ұпай көрсеткішімен ең соңғы — алтыншы орында тұр. Ал Алматы облысының баскетболшылары 27,8 пайыздық көрсеткішпен 5-ші сатыға жайғасты. Олардың алдында Қостанайдың «Тобыл» (31,6 пайыз), Ақтаудың «Каспий» (55 пайыз), Атыраудың «Барыс» (70,6 пайыз) және Астананың «Астана» (94,4 пайыз) командалары келеді.