Алматылық футболшылар Cербияның Ягодина құрамасынан ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық футболшылар Cербияның Ягодина құрамасынан ұтылып қалды

Алматылық футболшылар Cербияның Ягодина құрамасынан ұтылып қалды

Кеше Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде Алматының «Қайрат» футбол командасы Сербияның «Ягодина» аяқдопшыларымен спаррингтік кездесу өткізіп, 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

  • 4 Ақпан 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Симо Крунимч жаттықтыратын ягодиналықтар Сербия суперлигасында 2011/12 жылғы маусымда 12-ші орын алған еді. Ал 2012/13 жылғы маусымда үздік бестіктің қатарында келе жатыр. 1919 жылы құрылған команда Сербия Суперлигасындағы ең жоғары нәтижесі 2009/10 жылғы маусымда 6-шы сатыдан көрінуі болды.

Бұған дейін Украинаның «Черномерец» командасынан да 0:3 есебімен жеңіліс тапқан алматылықтар енді келесі кездесуін 7 ақпанда өткізбек. Олардың бұл жолғы қарсыласы Черногория чемпионатының қола жүлдегері болған «Зета» командасы болмақ. Подгорицы Голубовци қаласының бұл командасы Черногорияның бірінші лигасында 2011/12 жылғы маусымда үздік үштіктің қатарынан көрінген еді. Дарко Шушкавчевич жаттықтыратын «Зета» ел чемпионатында 2006/07 жылғы маусымда — чемпион, 2007/08 жылғы маусымда күміс жүлдегер атанып, ел кубогында 2 рет жартылай финалға, 3 рет ширек финалға дейін жеткен.