Жарияланды: 680

Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі өте өзекті - Бауыржан Байбек

Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі өте өзекті - Бауыржан Байбек

Бүгін Алматыда Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің іргесі қаланғанына 85 жыл толуына орай оқу ордасында ғылыми конференция өтті. 

Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен қала əкімі Бауыржан Байбек қатысты. 
Министр оқу орнының мерейтойына байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін жеткізді. "Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымын  85 жылдығымен құттықтаймын. Университет - еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісіне арнап білікті мамандар дайындайтын іргелі  оқу орны. Оны мыңдаған түлектер бітіріп, отанымыздың АӨК саласының дамуына үлес қосты. Университет өз жұмысын заман талабына сай ұйымдастырып келеді. Студенттерге сапалы білім беріп, ғылыми-зерттеу нәтижесін арттыруда. Инновациялық ізденістерді дамытуда. Әлемде халық саны өсіп, сапалы азық-түлікке деген сұраныс барған сайын артып отырған кезде ауыл шаруашылығы өндірісі  саласы әрдайым өзекті болып қалады. Бұл бағытта Университет ұжымына жүктелетін жауап арта түсері анық", - деді министр. 
Қала əкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының дамуындағы аграрлық саланың алар орны туралы айтып өтті. "Мемлекет басшысы ғылымның дамуына үлкен мəн беріп отыр. Жақында Алматыға сапарында ол қаланың ауқымды мегаполис ретіндегі маңызын тілге тиек етті. Қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету аса өзекті мəселе. Алматының дамуы облыспен тікелей байланысты. Университеттің импорттық өнімдердің орнын басу мақсатында салалық кластерді қалыптастыруда қосып отырған үлесін айта кету маңызды", -деді қала əкімі. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін