Алматының қоғамдық көліктері «ОҢАЙ» электронды билеттеріне көшуді алдағы дүйсенбіден бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының қоғамдық көліктері «ОҢАЙ» электронды билеттеріне көшуді алдағы дүйсенбіден бастайды

Алматының қоғамдық көліктері «ОҢАЙ» электронды билеттеріне көшуді алдағы дүйсенбіден бастайды

Алматы қаласының әкімдігі бүгін өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында үстіміздегі жылдың 11-ші қаңтарынан бастап, қаладағы қоғамдық көліктердің толығымен «ОҢАЙ» электронды билеттендіру жүйесіне көшетіндігін мәлімдеді.  

  • 8 Қаңтар 2016
  • 611
Фото - Caravan.kz


«2016 жылдың 11-ші қаңтарынан бастап, қоғамдық көліктерде қолма-қол ақша айналымы тоқтатылады. Жол ақысы тек қана «ОҢАЙ» карталары арқылы жүзеге асырылатын болады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, «ОҢАЙ» картасының төрт түрі бар. Олар: 50 пайыздық жеңілдік беретін «Оқушы картасы», «Студент картасы», «Әлеуметтік көлік картасы» және Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арналған карта. Бұл карта бойынша қоғамдық көліктерде жүру тегін.