Алматы-Қапшағай күре жолының үш учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр
![]() |
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Алматы-Қапшағай күре жолы салынып жатыр. |
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы-Қапшағай күре жолындағы құрылыс жұмыстары үш учаскеде жүргізіліп жатыр. Жолдың 14-35 шақырымдарында қалпына келтіру жұмыстарын бас мердігер «К-Дорстрой» жүргізуде, жұмыстардың құны 13089,6 миллион теңгені құрап отыр. 2015 жылы 7737 миллион теңге игерілмек.
Екінші жолдың 45-77 шақырымдарындағы қалпына келтіру жұмыстарымен бас мердігер ««Найза-Құрылыс концерні» АҚ айналысуда, келісімшарт бағасы 20389,44 миллион теңгені құрап отыр, 2015 жылы 6776,79 миллион теңге игерілмек. Бұл ретте 5 жол өтпесі, 2 көпір, 1 мал өтетін жол өткелі, 3 жерасты өтпе жолы салынады. Күре жолды жөндеуге жұмылдырылған техниканың саны 240 бірлікті құрап отыр, ал техникалық қызметкерлер саны - 362 адам.
77-118 шақырымдар аралығында құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Todini Central Asia» ЖШС жүргізіп отыр. Алматы-Қапшағай күре жолының 63-шақырымында 6 жолақты жол салынады, қалған 41 шақырымда 4 жолақтыға өзгертілмек. Жолға І техникалық категорияның нормативтері бойынша цемент-бетондық төсеме салынады. Асфальт-бетоннан салынатын Қапшағай-Талдықорған күре жолында жұмыстар 6 учаскеде жүргізілуде. Жалпы алғанда, 2015 жылдың қорытындылары бойынша Алматы-Талдықорған бағдарымен күре жолының 94 шақырымы пайдалануға енгізіліп, Алматыдан Талдықорғанға дейін көлік құралдарының бір жолақпен үздіксіз жүруі қамтамасыз етіледі.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық автомобиль дәлізінің учаскесінде ағымдағы жылы цемент-бетон қабаты төселген екі бағыттағы күре жолдың 150 шақырымында қозғалыс ашылады. Жұмыстардың толық аяқталуы 2016 жылға жоспарланған. Күре жолдарды бұрынғы қалпына келтіру жобаларына жол-құрылыс техникасының шамамен 2,5 мың бірлігі және 6 мың адам жұмылдырылған. Алматы облысында бұл халықаралық күре жолының ұзақтығы 462 шақырымды құрайды.
Жалпы алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша 2015 жылы 2173 шақырым жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп отыр, соның ішінде жыл қорытындылары бойынша 667 шақырымда қозғалыс ашылып, 578 шақырым жол тұрақты пайдалануға берілмек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін