Америка тұрғындары Головкиннің атын пайдаланып пайдаға кенелуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америка тұрғындары Головкиннің атын пайдаланып пайдаға кенелуде

Америка тұрғындары Головкиннің атын пайдаланып пайдаға кенелуде

Головкиннің жетістігі спортшыларға үлгі! Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев әлемге әйгілі боксшы Генадий Головкинді кезекті  жеңісімен құттықтады. Жеделхатта президент елімізді күллі әлемге танытып, өзіне артылған сенімді ақтағаны үшін былғары қолғап шеберіне алғысын айтқан.

  • 21 Қазан 2015
  • 324
Фото - Caravan.kz

Головкин осы жексенбіде канадалық Девид Лемьені жеңген болатын. Сөйтіп, отандасымыз өзінің үш тұжырым бойынша чемпиондық атағын қорғап, қосымша IBF белбеуін тақты. Қарағандының Майқұдығында өсіп Американы бағындырған Головкин 34 рет рингкке шығып, біреуінде де жеңіліп көрмеген. Ал отандасымыздың танымалдығын америкалықтар табыс көзіне айналдырып жатыр. Головкинді аңдып жүріп оның түрі бейнеленген киімге  қолтаңба қойғызып ақша істеп жүр. Қазір АҚШ-та Генаның мынадай спорттық  киімі мен қолтаңбасы қойылған қолғабын 450 доллардан сатылуда.