Америкаға қоныс аударған қазақ отбасы семейлік сырқат бала үшін күресіп жүр
Азаматты сұрап АҚШ-тан өзі келді! Америкаға қоныс аударған қазақ отбасы семейлік сырқат баланы алу үшін әлі де күресіп жүр. Бір жыл бойы құзырлы органдардан жауап күткен Зүлфия Орынбаева ақыры төзімі таусылған соң елге өзі келіпті. Тұл жетімді бауырына басуға асыққан ана енді мүгедектер үйінен баланы алмайынша елден кетпеуге тәуекел еткен. |
Зүлфия Орынбаева Америкадан жеткенше асыққан. Бар ойы – 4 жасар Азаматты қалай да алып қайту. Қаны қазақ болса да, азаматтығы басқа бұл отбасыға осы бала бір жылдан бері берілмей отыр.
Зүлфия Орынбаева, АҚШ азаматы:
-Маған бір жауап береді деп үміттенемін. Өйткені, мәселе шешілуі керек. Артқа жол жоқ. Азаматты алуымыз керек. Бала өсіп бара жатыр. Уақыт кетіп бара жатыр! Ол деген ойыншық емес. Ол деген біреудің тағдыры
Семейлік жетім бүлдіршін ауыр сырқат. Миының туа бітті дерті бар. Соны білген соң туған анасы перзентханада тастап кеткен. Ал Іргебаевтар әулеті Азаматты емдетуге даяр. Тек ұлды шетел асырудан сескенген біздегі шенеуніктер жетімді мүгедектер үйіне өткізіп жіберіпті.
Зүлфия Орынбаева, АҚШ азаматы:
- Қатты қиналам. Енді бір дені дұрыс жерде болса, ол бір сәрі, тіптен қиын жерде өмір сүріп жатқанына тіптен жаным ашиды.
- Мынау не суретте?
- Сәбіз.
– Ал мынау не?
– Банан.
– Мынау банан.
- Мынау суретті айта ғой?
– Картоп...
Кеселі болса да, баланың ақыл-есі сау. Ал оның Аягөздегі мүгедектер үйіне жіберілгенін естіп тынышы кеткен Зүлфия Алматыға түсе салысымен, еліміздің адам құқықтары жөніндегі уәкіліне дейін ресми хат жолдапты. Енді тағаты таусыла соның жауабын күтіп жүр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін