Жарияланды: 640

Америкалық бизнесмен В. Храпунов пен Әбіләзовтің ақшасының ізін жасырғаны үшін айыпталып отыр

Америкалық бизнесмен В. Храпунов пен Әбіләзовтің ақшасының ізін жасырғаны үшін айыпталып отыр

The Real Deal веб-порталының хабарлауынша, американдық бизнесмен және Chetrit Group компаниясының тең иесі

Джо Четрит Қазақстаннан екі сыбайласымен бірге ұйымдасып, ақшаның ізін жасырудың халықаралық кестесіне қатысты деп айыпталып отыр.

Аталған кестенің аясында Четрит Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен «БТА Банкінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің Нью-Йорк қаласында жылжымайтын мүлікті сатып алуын ұйымдастырып, сол арқылы 40 миллионға жуық долларды жылыстатуға көмектесті. Дүйсенбі күні банк пен Алматы қаласы Манхэттен сотына арыз берді.

Блумберг агенттігінің мәліметтерінше, Әбіләзов пен Храпунов заңсыз жолмен, жалпы алғанда 4 миллиард АҚШ долларын жымқырып, елден қашып кетті.

Жалған компания құрып, жемқорлар Четриттің тікелей көмегімен ұрланған қаражаттың шағын бөлігін Нью-Йоркте қонақүй мен медициналық орталықты сатып алуға салған.

Chetrit Group компаниясының қаладағы жетекші құрылысшы компаниялар мен инвесторлардың бірі екенін атап өту керек. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін