Анталияда «Атыраулық» футболшылар «Петротресттен» жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.31
  • 536.09
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анталияда «Атыраулық» футболшылар «Петротресттен» жеңіліп қалды

Анталияда «Атыраулық» футболшылар «Петротресттен» жеңіліп қалды

Кеше Түркияның Анталия қаласында «Атырау» футбол клубы Санкт-Петербордың «Петротрест» командасымен спарринг өткізіп, 0:1 есебімен есе жіберді.

  • 21 Қаңтар 2013
  • 318
Фото - Caravan.kz

Бұл атыраулықтардың екінші, ал санкт-петорборлықтардың алғашқы ойыны болды. Атыраулықтар бұған дейін Қытай Суперлигасында өнер көрсететін Далянь қаласының «Далянь Шиде» командасымен 1:1 есебімен тең түскен еді.

Леонид Ткаченко жаттықтыратын «Петротрест» футбол командасы қазір Ресейдің Ұлттық лигасында өнер көрсетуде. Олар 2011/2012 жылғы маусымда Екінші дивизионың «Батыс» аймағында бірінші орын алған болатын.

Атыраулықтар алдағы уақытта тағы 2 спарринг өткізбек. Олардың қай командалар болатындығы әзірге құпия болып отыр.