Жарияланды: 20

Apple компаниясының негізін қалаушы Астанаға келеді

Apple компаниясының негізін қалаушы Астанаға келеді

Возняктан бөлек, Астана экономикалық форумына Митио Каку, Франсуа Олланд және Пан Ги Мун қатысады

Apple Computer компаниясы басшыларының бірі Стив Возняк 2018 жылғы Астана экономикалық форумына қатысады. Global Challenges Summit деп аталатын форум Астанада 17-19 мамырда өткелі отыр, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Биыл елімізге келетін спикерлердің саны рекордтық көрсеткішке жетті, 500-ге тарта, олар әлемнің түпкір-түпкірінен келіп, алуан түрлі ойлар мен бағыттар жайында сөз қозғайтын болады. Дәлірек айтсақ – визионерлер, саясаткерлер, технологиялық жаңалықтардың көшбасшылары және денсаулық сақтау және ресурстар саласының өкілдері. Жаһандық деңгейдегі қаншама спикерлер сөз сөйлейді. Олардың арасында баршамызға белгілі – Apple негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк, жаһандық визионер, ең басты футуролог, технология элитасының өкілі,  Shazam негізін қалаушылардың бірі Митио Каку", — деп атап өтті Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Астана экономикалық форумына дайындық бойынша баспасөз мәслихаты кезінде.

Бұрын хабарланғандай, он бірінші Астана экономикалық форумында 24 елден келген спикерлер сөз сөйлейді, атап өтсек — Франция экс-президенті  Франсуа Олланд, БҰҰ-ның сегізінші бас хатшысы және Халықаралық олимпиадалық комитеттің этика бойынша комиссиясының төрағасы Пан Ги Мун, Грузия сыртқы істер министрі Михаил Джанелидзе және тағы басқалары.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда құмды дауыл соғып, жетпістен астам адам қаза тапты

Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер жайлы айтты

«Атамекен» әнін өзге тілде тыңдап көрдіңіз бе?

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін