«Ақмола облысында 8 қаңтарда сағат 01:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -27⁰-33⁰С-қа дейін төмендеуі) дизельді және қоғамдық автокөлік үшін барлық бағыттарда қозғалыс жабылды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының учаскесінде (1858-2005 шақырымдар, Балқаш қаласынан — Жамбыл облысының шекарасыынпа дейін) жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалысқа тыйым салынды. Қозғалыстың шектелу себебі — жаңбыр және көктайғақ.